Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстауға шөп жеткізу үшін көмек сұрады

2021 жылдың 16 шілде 2021 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Түркістан облысындағы белсенділер жинаған шөпті Маңғыстауға тегін жеткізуге көмектесуін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының белсенді тұрғындары жинаған жем-шөпті тегін әрі жедел жеткізіп беруге көмектесуін сұрады. Ұлттық тасымалдаушы компанияның басшысы бұл мәселені өз бақылауына алып, көмек беретінін айтты», - деп жазылған ресми ақпаратта.

Бұған дейін шымкенттік Құрмет Талапқазының Маңғыстаудағы малды ауылдарға шөп жіберу туралы бастамасы ел ішінде кеңінен қолдау тапқанын жазған болатынбыз.

Еріктілер жинаған шөптің алғашқы 5 вагоны халықтан жиналған ақшаның күшімен жеткізілсе, теміржол тасымалдаушылар тағы 5 вагон шөпті тегін жеткізген болатын. Осылайша бүгінге дейін Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер жұтаған ауылдарға теңдей бөліп берді.


Жоғары қарай