Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

2021 жылдың 26 қыркүйек 2021 06:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі өңірлік директор Стивен Шонбергермен, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік мәліметінше, тараптар ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырудағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Дүниежүзілік банк өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдап жатқан іс-шараларға жоғары баға берді. Атап айтқанда, саланы субсидиялау, қаржыландыру, ветеринарлық қызметтерді жетілдіру, жайылымдық жерлерді басқару, мал шаруашылығы секторындағы парниктік газ шығарындылары жүйесін жетілдіру, ұсақ фермерлерге қызмет көрсететін институттарды нығайту сияқты басым бағыттар бағаланды.

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қызмет көрсету мен жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіру, фермерлік модельдерді ілгерілету, ет индустриясы үшін тиімді агроэкологиялық саясатты іске асыру салаларына күш салатынын айтты.


Жоғары қарай