Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

«Ауыл» партиясы еңбек озаттарын насихаттайтын бастаманы жүзеге асырады

2020 жылдың 12 наурыз 2020 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Еңбек адамы - Ел тірегі» атты саяси бастамасын жүзеге асыруға арналған іс-шараларды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бастама 2019 жылғы 27 қарашада «Ауыл» ХДПП кезекті XVI Съезінде таныстырылған еді.

«Ауыл партиясы 4 жыл бойы Тәуелсіздік күні қарсаңында еңбек озаттарының форумын өткізіп келеді. Ондағы негізгі мақсатымыз – түрлі салада қызмет етіп жүрген еңбек озаттарын шақырып, еңбек адамныың қоғамдағы рөлі, болашағы, жастарға үлгі болу дәрежесі талқыланып, түрлі салада еңбек етіп жүрген еңбек озаттарын марапаттап келеміз. Еңбек озаттары форумына дайындық барысында марапатқа ұсынылғандардың өмірін зерттей отырып, үлкен жетістіктерге жету үшін қалай тер төккенін көрдік. Осы жұмыстар барысында партия атынан «Еңбек адамы - Ел тірегі» бастамасын көтеруді ұйғардық», - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, партияның өңірлік филиалдары дайындық жұмыстарын бастап кетті.

«Еңбек озаттарын дәріптеу, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша партия меморгандарға бірқатар ұсынымдар әзіренді. Біздің негізгі мақсатымыз – түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамдағы орнын дәріптеу. Ауыл шаруашылығында ғана емес, білім, медицина сынды экономиканың түрлі саласында еңбек сіңіріп жүрген адамдардың барлығы – марапатқа лайық», - деді партия төрағасы.

Саяси бастама аясында партияның филиалдары студенттер, мектеп оқушылары және болашақ мамандарға еңбек озаттарымен кездесу ұйымдастырады.

«Ауыл» ХДПП филиалдарының Саяси кеңестері облыс, қала, аудан әкімдіктеріне «Облыстың құрметті азаматы», «Қаланың құрметті азаматы», «Ауданның құрметті азаматы» сияқты атақтарға лайық еңбек адамдарын ұсыну үшін тізім құрып жатыр. «Ауыл» ХДПП-ның әр филиалы жыл бойы мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсынылатын үміткерлерді анықтайды. Олардың қатарында ауылшаруашылық жұмысшылар, механизаторлар, тракторшылар, сауыншылар, фермерлер, ауыл мұғалімдері, дәрігерлер және басқа мамандық иелері бар», - деді Ә. Бектаев.

Сонымен бірге, «Ауыл» партиясы Youtube желісінде «Еңбек адамы - ел тірегі» тақырыбында бейнеролик байқауын өткізеді. Сайыстың ережесі жақында партияның auyl.kz ресми сайтында жарияланады. Байқаудың нәтижесі жыл соңында анықталады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Партиялар,
Жоғары қарай