Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл – ел бесігі» жобасының арқасында Қарағанды ауылдарында қандай өзгерістер болды

2021 жылдың 18 қазан 2021 21:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жақсы жолдар, жаңартылған мектептер мен клубтар, Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту – осы игіліктер ауыл тұрғындарына «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының арқасында көрсетіліп жатыр. Екі жыл ішінде Қарағанды облысында бағдарлама бойынша 73 жоба іске асырылды. 2021 жылы тағы 60 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» аясындағы жұмыстар туралы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте айтылды.

«2019–2020 жылдар ішінде 16 ауылдық елді мекенде 73 жоба іске асырылды. Әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар, ауруханалар, мәдениет үйлері мен спорт кешендері, сондай-ақ кентішілік жолдар, су және электрмен жабдықтау желілері жөнделді», – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Жұмыстар сегіз ауданда жүргізілді: Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет.

Биыл 33 елді мекенде 60 жоба іске асырылып жатыр.




Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ақтоғайда мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңғырту жұмысы басталды.

Шахтерский ауылында хоккей корты пайда болады.

Ақтайлақ ауылындағы медпункт, Топар кентіндегі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

«Ауыл – ел бесігі» – 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды бағдарламалардың бірі.

Оның көмегімен ауылдардың инфрақұрылымын дамыту белсенді жүріп жатыр. Мысалы, Осакаровка кентінде көшелер жүз пайыз асфальтталып, жарықтандырылды. Мектептер, медициналық мекемелер жөнделді. Егіндібұлақта ДСК салынуда, мектеп пен мәдениет үйін жөндеуге, көшелерді асфальттауға қаражат бөлінді. Келесі жылы арнайы жобаны іске асыру жалғасатын болады. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендерді қамтуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы барлық жобалардың уақытылы тапсырылуын және жұмыс сапасын бақылау бойынша тапсырмалар берді.














Жоғары қарай