Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл – ел бесігі»: Маңғыстау облысында 82 көшеге асфальт төселді

2020 жылдың 23 қараша 2020 15:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында құны 26,3 млрд теңгенің 9 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ОКҚ өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, өңір тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселелерінің бірі - қала және ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізу болатын. Биыл осы мәселені шешуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде 10 айдың ішінде 161 шақырымды қамтитын 2 жоба аясында автомобиль жолдарының реконструкциясы аяқталды. Оның ішінде 64 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы «Жетібай – Жаңаөзен», облыстық маңыздағы 97 шақырым «Ата жолы» автомобиль жолы бар.

Сондай-ақ, биыл 477 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық, ауылішілік жолдардың құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының көмегімен Бейнеу ауданында 44 көшеге, Маңғыстау ауданында 13 көшеге, Түпқараған ауданында 25 көшеге асфальт төселді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы Ақтау қаласының шағын ауданішілік жолдары жөндеуден өтті. Атап айтқанда, 6 бірдей шағын аудандағы 136 мың шаршы метр жол жөнделді. Бұл да ақтаулықтардың көптен бері көтеріп жүрген мәселелерінің бірі еді», -деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.


Жоғары қарай