Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл - ел бесігі: Қостанай облысында жиырма ауылда 47 жоба қолға алынған

2021 жылдың 30 қазан 2021 14:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қостанай облысындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы инфрақұрылымды және негізгі қызметтерге қолжетімділікті жақсарту арқылы ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Өңірлер өз кезегінде барлық жобаны уақтылы, тиімді және сапалы іске асыруы қажет», - деді Әсет Ерғалиев.

Қостанай облысындағы 520 ауылда 348 мың адам тұрады. 258 ауылдың даму әлеуеті жоғары.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде биыл республика бойынша 480 ауылдық елдімекенде 106 млрд теңгеге 1140 жоба, оның ішінде Қостанай облысында 20 ауылда 5,8 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылуда.




2022 жылы Қостанай облысында 19 ауылда 3 млрд теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Мектеп, емхана және 4 спорт нысанын салу және қайта құру жоспарлануда.

Сондай-ақ 2022 жылға 32 әлеуметтік нысанды, оның ішінде 6 білім беру, 2 денсаулық сақтау және 24 көлік инфрақұрылымы нысандарын жөндеу жоспарланған.

Ең бірінші барған нысан Қамысты ауданындағы Қамысты ауылында. Мұндағы «Юность» стадионы «Ауыл – ел бесігі» жобасының арқасында қайта жөнделді.




Стадион 2500 орынға есептелген. Сол ауылда министр аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Одан әрі Алтынсарино кентінде Ұлттық экономика министрлігі басшысы газ тарату желісі құрылысы барысымен, сондай-ақ «Алтынсарино» ЖШС «PETKUS» астық тазарту және сұрыптау бойынша тұқым желісін салу және құрастыру жұмысымен танысты.




Бұл кәсіпорынды 2022 жылғы наурызда пайдалануға беру жоспарлануда.

Тұқымның жобалық өнімділігі – 20 тонна/сағ, тауарлық астық – 50 тонна/сағ.

Тағы бір нысан – Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Соңғы 35 жылда емдеу мекемесіне тек косметикалық жөндеу жүргізілген.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша жүргізілген күрделі жөндеу барысында ғимараттың шатыры, қасбеті, іргелес аумағы мен ішкі әрлеуі жаңартылды.




Жұмыс сапарының екінші күнінде Қостанай облысының Шеминовское ауылындағы газ тарату желісі мен су құбыры құрылысымен танысқан ведомство басшысы Озерное ауылына жол тартты.

Онда мектепті, спорт кешенін және Мәдениет үйін аралады.




«Ауыл – ел бесігі» жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес бастау алды.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан аудан, қала, облыстардағы аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалары үшін жақсы іргетас болуда.











Жоғары қарай