Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы: Егіндікөл ауданына 203 миллион теңге бөлінді

2021 жылдың 27 қазан 2021 21:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Егіндікөл ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жеті жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 203,1 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Ерлан Мұхамедин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егіндікөл ауылында кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді, жеті көшеге асфальт төселді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасынан басқа, Егіндікөл ауданы ауылдарының жолдарына асфальт төсеу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінді», - деді аудан әкімі Ерлан Мұхамедин.

Аудан әкімі атап өткендей, Егіндікөл және Полтавское ауылдарының көшелерін жөндеу үшін облыстық бюджет есебінен 147,5 миллион теңге қаржы бөлініп, асфальт төселді. Ал Ұзынкөл ауылында кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Алакөл ауылдық округі мен Спиридоновка ауылындағы көшелер жергілікті бюджет есебінен 22,6 миллион теңге қаржыға жөнделді. Облыс басшылығының қолдауының арқасында биыл ауданымыздың төрт ауылындағы 22 көшенің көше-жол жабынының сапасы жақсарды», - деп түйіндеді Е.Мұхамедин.



Жоғары қарай