Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл әкімдерін сайлау: Үміткерлерге қойылатын талап жеңіл болуы керек

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобы ауыл әкімдерін сайлауға қатысты ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл әкімдерін сайлау туралы бұл идеяны сіз (Президент - автор) өз Жолдауыңызда да айттыңыз. Бұл жерде де жалпыға тең және төте сайлау өткізу керек. Дауыс беру жасырын түрде болуы тиіс. Келесі жылы кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек. Мысалы егер сайлау оң нәтиже берсе оны кезең-кезеңмен басқа деңгейде де жүзеге асыру дұрыс деп санаймыз. Бұл жерде кез келген азаматтың сайлану құқығын шектемеу керек деп есептейміз», - деді Ұлтық кеңес мүшесі Максим Споткай кеңестің төртінші отырысында.

Оның айтуынша ауыл әкімі лауазымына үміткерлерге қойылатын талап та жеңіл болуы керек.

«Ол үшін үміткердің 25 жасқа толуы, тиісті елдімекен аумағында соңғы үш жылда тұрақты тұруы, жоғары немесе орта арнаулы білімі болуы шарт. Халқымызда «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау бастамасы шын мәнінде халық пен билік арасын жақындастыра түседі деген сенімдеміз», - деді ол.


Жоғары қарай