Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Australian Open: Аружан Сағындықова жартылай финалға шыға алмады

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 17 жастағы А.Сағындықова ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

«Бұл менің жасөспірімдер арасында алғашқы «Үлкен дулыға» турнирім еді. Осындай ірі жарыста елімнің намысын қорғап, жұптық сында ширек финалға дейін жетуім жақсы жетістік деп ойлаймын. Жекелей сында тәжірибем жетіспеді.

Алдағы уақытта бұдан да жоғары табысқа қол жеткізу үшін жақсылап дайындалып, барымды саламын. Маған қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме, барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді», деді А.Сағындықова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Анна Данилинаның жұптық сында жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аружан Сағындықова үшінші айналымға шықты..




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай