Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстанның 2 азаматын Ресейге заңсыз өткізбек болған қазақстандыққа сот үкімі шықты

2021 жылдың 25 қазан 2021 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның 2 азаматын Ресейге заңсыз өткізбек болған қазақстандыққа сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада ғана Қостанай облыстық соты Ауғанстанның екі азаматын түн ішінде мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін айналып өтіп, Ресейге заңсыз көші-қон ұйымдастырмақ болған Қазақстан азаматына үкім шығарды», - деді ол Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол шетелдіктердің еліміздің аумағында рұқсат құжаттарын алудың заңсыз жаңа түрі пайда болғанын айтады.

«Мәселен, Алматы қаласында бір пәтерде тіркелген 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды. Олар ешқандай қызмет атқармаған, бюджетке салық та, төлемдер де жасамаған. Бірақ, аталған заңды тұлғалар шетелдіктерге 16 виза рәсімдеген. Бұл факті бойынша тергеу басталды», - деді Бауыржан Омаров.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ауғанстан, Ресей, Сот,
Жоғары қарай