Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстанда жарылыс кезінде екі адам қаза тапты

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 21:40

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанда Желалабад қаласының «Талибан» бақылауындағы шығыс бөлігінде жарылыс болып, екі бейбіт тұрған қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Желалабадтағы мемлекеттік аурухананың хабарлауынша, қаланың бесінші ауданында Талибан күштеріне тиесілі көлік жарылған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс салдарынан бес-алты адам жарақат алған. Олардың қатарында тәліптерде бар.

Терактіні әзірге қарулы топтардың ешқайсысы мойнына алмады. Бұған дейін Желалабадта жарылыстан екі адам өлді. Осылайша соңғы екі күнде Ауғанстандағы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) содырларының мекені саналатын Желалабадта екі теракті жасалды.


Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Ауғанстан, Әлем,
Жоғары қарай