Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстан үкіметі гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты

2020 жылдың 13 тамыз 2020 22:56

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Ахмад Джавад Османимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, кездесу барысында тараптар екі елде коронавирус инфекциясының таралуының қазіргі ахуалын, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.

«Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясы кезінде Ауғанстан халқына көрсеткен көмегі үшін Қазақстанға ізгі ризашылығын білдірді», - деді ведомстводан.

Мәлім етілгендей, Қазақстаннан жөнелтілген гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі биылғы 20 маусымда Хайратон қаласында өтті.

«Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.

Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратты», - деп нақтылады ҚР СІМ-нен.


Жоғары қарай