Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әуе рейсімен келетін жолаушыларды оқшаулау мерзімі неге ұзартылды - Бас санитар жауабы

2020 жылдың 30 қазан 2020 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов әуе көлігімен келетін жолаушыларды оқшаулау мерзімі неге ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сырттан келетін жағдайға қатысты проблеманы бақылауға алуға тырысып жатырмыз. Барлықсақтық ережелерін сақтау қажеттігін адамдарға қанша рет түсіндіруімізге тура келді. Шетелге сапарлап, одан кейін елге оралған кезде тек өзіңізді ғана емес жақындарыңызды, ұшып келе жатқанда жаныңызда болатын адамдарды да ойлау қажет. Шекараға байланысты ұшу уақыты кемінде 5-6 сағатты құрайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, шетелден ұшып келетін отандастарымыздың 80 пайызы ПТР тест тапсырып, елімізге анықтамасымен келеді. Дәл осы азаматтар тарапынан ұшаққа ПТР анықтамасыз отыратын жолаушыларға қатысты мәселе туындап отыр.

«Әрине, ниеті адал азаматта: «Ұшып келе жатқан кезде ПТР тест тапсырмаған, ауру жұқтырып алу мүмкін көршім үшін отбасымды тәуекелге ұрындыруымым керек?« деген сауалдың туындауы заңдылық. Осыған орай біз шектеу шараларын қабылдап әуе компаниялармызға ПТР тесті жоқ азаматтарды ұшақ бортына алмауға міндеттеміз. Алайда, түрлі жағдайлар болатындығын өздеріңіз де түсінесіздер және қазақстандықтардың елге кіруіне тыйым сала алмаймыз», - деді Ерлан Қиясов.


Жоғары қарай