Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Ауасы ластанған мемлекеттер рейтингі жарияланды

2019 жылдың 6 қараша 2019 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде ауаның ластану деңгейі экстремалды сипат алып, бұл бүкіл Азия қалаларындағы ауа сапасына назар аудартты, деп жазады ВВС.

Басылымның жазуынша, Бейжің бұрыннан қара түтінімен әлемге танымал. Дегенмен, жаңа рейтинг көрсеткендей, ауасы ластанған мемлекеттер үштігінде Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш тұр.

«Швейцарияның IQ AirVisual компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, бүкіл әлем бойынша ауаның сапасы туралы мәліметтерді жинаған. Олардың айтуынша, әлемдегі ең ауасы ластанған 30 қаланың 22-сі - Үндістанда орналасқан, ал қалған сегізі - Пәкістан, Бангладеш пен Қытайда. Бір қызығы, бұл тізімде 122-орын алатын Бейжің жоқ», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, рейтингте Азия қалалары көш бастап тұр.

«Мемлекеттер бойынша рейтингте Бангладеш, одан кейін Пәкістан мен Үндістан тұр», - деп жазады автор.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Экология, Әлем,
Жоғары қарай