Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ауаға белгісіз зат таратқан ұшақ туралы видео Қазақстанда түсірілмеген - министрлік

2020 жылдың 10 шілде 2020 23:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыған дейін алып ұшақтың ауаға белгісіз зат таратқан видеосы «Қазақстанда болған жағдай» деген жазумен әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жалған ақпаратқа нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Абайлаңыз, жалған ақпарат! Әлеуметтік желілерде ұшақтан қызыл түсті белгісіз затты аспаннан шашқан ұшақтың видеосы тарап жүр. Ол видеоның Қазақстанда түсірілгені туралы жалған ақпарат тарап кеткен. Қолдағы мәлімет бойынша, бұл ұшақ АҚШ-қа тиесілі. Ал ауаға шашылған қызыл түсті зат – өрт сөндіруге арналған», - делінген хабарламада.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Интернет, Қоғам,
Жоғары қарай