Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар бойынша мәлімет

2021 жылдың 28 ақпан 2021 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жабылған автожол учаскелері бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 28 ақпан күні сағат 09:30-да Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты келесі учаскелерде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды:

- «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 967-1135 шақырымы, (Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы);

- «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» күре жолының 231-324 шақырымы (Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі);

- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 17-217 шақырымы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы учаскесі).

Сондай-ақ, бүгін сағат 09:30-да Павлодар облысында Қарағанды облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі күре жолдарда көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды:

- «Кызылорда-Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы – Бозшакөл кенті учаскесі;

- «Калкаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» күре жолының 138-231 шақырымы, Баянауыл ауылы-Қарағанды облысының шекарасы.

28 ақпан сағат 10.30-дан бастап Нұр-Сұлтан қаласында екпінді жел мен боранға байланысты «Екатеринбург-Алматы» трассасының 1291-1426 шақырым аралығы (Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы аралығындағы жол учаскесі) жабылды.


Жоғары қарай