Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

2020 жылдың 25 желтоқсан 2020 01:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік циклондар жыраларының және соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен республиканың басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалынан күн райы ашық болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай