Ауа райы: Маңғыстау облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлады.
«11 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ал бұл күні Ақтау қаласында көктайғақ болады. Ескертудің дөп келу ықтималдылығы 90-95%» делінген хабарламада.