Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Қазақстанның үш өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 28 қараша 2019 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қарашада Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Осы күні Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ытимал.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 85-90%.

29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, үш күн бойы жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 95-100%.

29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел еседі.

Осы күні түнде Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 90-95%.

Автор Ақбөпе Әбдрасул
Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай