Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының құбылуына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарына ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз, 18 мамырда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді деп күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

17 мамырда кешке, 18 мамырда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Шымкент қаласында 18 мамырда күннің екінші жартысында нөсер жаңбыр болады, күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

18 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі, оңтүстіктен жел соғады. Екпіні 15 м/с.

18 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болмақ.

Қызылорда қаласында 18 мамырда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

18 мамырда күндіз Қостанай облысының кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қостанай қаласында 18 мамырда найзағай күтіледі. Күндіз шығыстан соққан жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болмақ.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100%.


Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай