Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Қазақстанның 6 облысында ескерту жарияланды

2021 жылдың 26 сәуір 2021 22:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 сәуірде болатын ауа райы құбылысына орай 6 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 27 сәуірде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

27 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ.

27 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында 27 сәуірде найзағай күтіледі.

27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 29 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 27-29 сәуірде кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.



Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Экология, Ауа райы,
Жоғары қарай