Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады

2020 жылдың 19 қазан 2020 06:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қазанда елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарының түнде кей жерлерде минус 1 градус суық болады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай