Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: 7 облыста ескерту жарияланды

2021 жылдың 28 сәуір 2021 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 7 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29-30 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз 30 сәуірде бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде күндіз, 30 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
29 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 29 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
29 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 29 сәуірде күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 29 сәуірде Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады.
29 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 29 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қаласында 29 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 29 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Ауа райы,
Жоғары қарай