Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық жас палуан әлем чемпионы атанды

2020 жылдың 9 қараша 2020 00:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық жас палуан Абылайхан Мейрамбекұлы әлем чемпионатынан алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, Абылайхан Мейрамбекұлы Сербия Республикасының Нови-Сад қаласында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 52 келі салмақта бақ сынаған.

Әлемнің әр елінен келген қарсыластарының бәрін ұтып, шеберлігімен тәнті етті. Ақтық сында Молдова палуанын да қапы қалдырды.

Сөйтіп, ол жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Халықаралық додада тағы бір палуан Еркебұлан Қуанғалиев финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.




Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Спорт, Атырау облысы,
Жоғары қарай