Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атыраулық сақшылар көпірден секірген қызды құтқарды

2021 жылдың 13 желтоқсан 2021 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері көпірден секіріп кеткен қызды құтқарды. Бұл туралы polisia.kz сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 12 желтоқсан күні түнгі сағат 22.20 шамасында болған.

«102» нөмірінің пультіне Атырау шағынауданында орналасқан көпірден белгісіз адам секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Исатай Тұрсынғалиев пен Ғалым Қалбаев батып бара жатқан қызды байқап, дереу құтқару әрекеттеріне кірісті. Ғалым Қалбаев беліне арқан байлап, мұздай судың ортасындағы қызға беттеді. Бұл кезде Исатай Тұрсынғалиев сақтық үшін арқанның екінші ұшын ұстап тұрды. Оларға Махамбет Қабасов пен Құралбек Қалмағанбетов көмекке келген соң ол да суға кірді. Сақшылар қызды 20 минут ішінде жағаға шығарды», - деп жазады polisia.kz.

Полицияның дерегі бойынша, құтқарылған қыз кәмелетке толмаған. Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін тәртіп сақшылары оны №5 емханаға жеткізді.

«Ойлануға уақыт болмады. Мұндайда әр сәт маңызды болғандықтан, бірден суға кірдік. Әріптесімнің артымнан жүзіп келе жатқанын аңғардым. Бірақ оның бәрін таразылап жататын уақыт жоқ еді. Судан үшеуміз де аман шығуымыз үшін барынша жылдам қимылдай бастадық. Қыз мұздай суда көп жатып қалғандықтан, өкпесіне зақым келуі мүмкін еді. Сондықтан дереу ауруханаға жеткіздік», - дейді Ғалым Қалбаев.


Жоғары қарай