Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанды

2021 жылдың 24 қараша 2021 21:58

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында атыраулық екі полиция инспекторы Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында өткен әлем кубогына қатысқан.

«Қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем кубогында 30 елден 228 спортшы бақ сынады. Оның ішінде ел намысын қорғаған Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкері, аға лейтенант Мирас Шантасов 90 келіден жоғары салмақта қола медальға ие болды. Ал, 75 келі салмақта қарсыластарын өапы қалдырған аға лейтенант Әлихан Сейітов әлем кубогінің алтын медальін жеңіп алды. Екі полицей де спорттың аталған түрімен мектеп қабырғасынан бері шұғылданып келген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық 3 картэші әлем чемпионы атанған болатын.











Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай