Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық мұнайшы музейге көне жәдігерлерді тапсырды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 09:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ жаңа техника және технологиялар департаментінің директоры Рауан Сабыров бала кезінен жинаған құнды жәдігерлерді «Хан ордалы Сарайшық» мұражай кешеніне тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Музей кешені қызметкерлерінің айтуынша, жәдігерлердің көпшілігі сармат дәуіріне жатады. Оның арасында қола жебе, ойылған таңбалар бейнеленген қыш ыдыс бар.




«Балалық шағым Қызылқоға ауданында өтті. Сол кезде балалар тауып алған жебелерді қолдан жасалған садаққа қадап, ойнап жүргенін талай көрдім. Мұндай құнды жәдігерлер ауылдағы үйімізде көп болды. Осыдан бірнеше ай бұрын осы музейге келгенімде жәдігерлердің көпшілігін Елордадағы мұражайға алып кеткенін естідім. Сол себептен, үйдегі коллекциямды қазақстандықтар мен ел қонақтары көптеп келетін осы музей кешеніне тапсыруға шешім қабылдадым», - дейді Рауан Сабыров.

Атыраулық мұнайшы музей кешенінің аумағына тігілген киіз үйді безендіруге арналған түлкі терісін қоса сыйға тартты.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы киелі мекеннің бірі –Ақмешіт қорымы туралы жазған болатынбыз.








Жоғары қарай