Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атыраулық дәрігерлер 6-қабаттан құлаған сәбиді аман алып қалды

2019 жылдың 8 қазан 2019 22:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6- қабаттан құлаған қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы 6 қыркүйекте сағат 18.30 шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне 2017 жылы туған «Иық сүйегінің сынуы, төменгі жақ сүйегінің сынуы, көптеген қабырғаларының сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок» диагнозымен жеткізілді»-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарақаттанған қыз бала жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, дәрігерлер бір сағат ішінде баланы хирургиялық емдеуге дайындады, ота кезінде кішкентай қыздың көкбауыры мен ішкі қан кетулері анықталды. Алайда, сәтті отаға қарамастан, ауыр жарақат пен көп қан жоғалту салдарынан тағы алты күн жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында ұстауға тура келді.

Ата-анасының айтуы бойынша, екі жасар сәби алтыншы қабаттан құлаған, жедел жәрдем бөліміне жеткізген ата-анасының шұғыл әрекетінің арқасында науқасқа медициналық көмек уақтылы көрсетілді. Дәрігерлердің кәсіби қызметінің нәтижесінде сәбидің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жоғары қарай