Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық бағбан жылыжайда інжірдің алғашқы өнімін алды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 02:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында шаруагер жылыжайда інжірдің алғашқы өнімін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет ауданындағы «Атырау өнімдері» шаруа қожалығының 20 жылыжайы бар. Шаруа қожалығын басқаратын Владимир Розметов бақша өнімдерінің түр-түрін өсіреді.

«Бірнеше жыл бұрын 20 жылыжайда лимон өсіре бастаған едік. Қазір лимоннан өнім алып отырмыз. Содан соң тәжірибе жасау мақсатында інжірді өсіруді қолға алдық. Інжір де біздің өңірге жерсінді. Жақында алғашқы өнімін жинадық. Өзбекстандық ғалымдардың кеңесіне сүйенсек, інжірді тек жылыжайда ғана емес, ашық аспан астындағы алқапта да өсіруге болады. Бірақ, қысқы маусымда оны да жүзім сияқты жауып қою керек», - дейді Владимир Розметов.

Оның айтуынша, Атырау секілді жартылай шөлейтті аймақ үшін таңсық саналған інжірден 50 келіден астам өнім алудың мүмкіндігі бар. Осыны ескерген шаруагер алдағы жылы оны 1 гектар алқапта өсіруді көздеп отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау облысында 222 адам бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды.


Жоғары қарай