Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауға Литвадан келген азамат карантиннен қашып кеткен

2020 жылдың 19 наурыз 2020 20:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға Литвадан ұшып келген азамат карантиннен қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 6-тармағын бұзған азаматтың ісі қаралды. Литвадан келген Қазақстан Республикасының азаматы төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік органмен белгіленген карантин режимін бұзған. Ол биылғы 18 наурызда түнгі сағат 03.00 шамасында Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансердің екінші қабатында орналасқан палата терезесінен секіріп, қашып кеткен. Құқық бұзушы С. диспансердің палатасынан сот отырысына «TrueConf» қосымшасы арқылы қатысты. Ол кінәсін мойында», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулысымен оған ескерту түріндегі жаза қолданылды. Қазір ол Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерде дәрігерлердің стационарлық бақылауында.


Жоғары қарай