Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауға коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

2020 жылдың 15 шілде 2020 15:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі – дәрмектер дәріханалар желісіне таратылады. Өйткені, Атыраудағы емдеу мекемелері қажетті медикаментпен 94%-ға қамтамасыз етілген.







«Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді» - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.















Жоғары қарай