Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауға дәрі-дәрмектің ірі партиясы тиелген жүк көлігі келді

2020 жылдың 16 шілде 2020 19:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына жүк көлігімен дәрі-дәрмектің ірі партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, кеше, 15 шілдеде Атырауға жеткізілген дәрі-дәрмектің ірі партиясында коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін медициналық препараттар да бар.








«Алматыдан Атырауға жалпы құны 220 млн теңгені құрайтын 470 дәрі-дәрмектің 2 мыңнан астам қорабы жеткізілді. Алынған препараттардың ішінде антибиотиктер мен қызу түсіретін дәрілер бар. Бұл дәрі-дәрмек облыстың дәріханаларына бүгін-ертең таратылады» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұрын препараттар теміржолмен жеткізілетін. Оған 10 күн немесе одан көп уақыт кететін.

Ал, қазір облыс әкімдігі дәрі-дәрмекті ұшақ және жүк көлігімен жылдам жеткізуді ұйымдастырып отыр.

















Жоғары қарай