Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудың Жылыой ауданына 47 мұғалім мен 9 дәрігер келді

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 23:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Жылыой ауданына 47 мұғалім мен 9 дәрігер келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамаловтың мәліметінше, білім беру саласында 1641 мұғалім жұмыс істейді. Ал мектептерде 18 мыңнан астам оқушы білім алады.

«Биылғы жаңа оқу жылында Жылыой ауданындағы мектептерге 47 мұғалім жұмысқа орналасты. Бірақ, әлі 45 мұғалім жетіспейді. Әсіресе, орыс сыныптарына математика, физика пәндерінің, сондай-ақ, бастауыш сыныптың мұғалімдері қажет», - дейді Хәлел Жамалов.

Оның айтуынша, ауданның емдеу орындары 9 дәрігермен толыққан. Оның ішінде жетеуі – жас маман.

«Ауданда 1 орталық аурухана, 1 емхана, 1 темір жол аймақтық филиалы, 1 аудандық емхананың филиалы, 6 дәрігерлік амбулатория бар. Қазір аталған медицина мекемелеріне 24 жоғары білімді дәрігер жетіспейді», - деді Жылыой ауданының әкімі.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Жылыой ауданында 10 маманға көтерме жәрдемақы беру көзделіп отыр.

«Биыл жыл соңына дейін 2 маманға бюджеттік несие, 10 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы беріледі. Ал, 1 маманға бюджеттік несие беріліп, 6 маман көтерме жәрдемақы алды», - дейді Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов.


Жоғары қарай