Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудан Шымкентке жолаушы тасымалдаған «плацкарт» автобус ұсталды

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 01:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция полиция қызметкерлері «плацкарт» автобусты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері кеше, 4 желтоқсанда қаладағы «Береке» шағын ауданында «Vanffool» маркалы автобусты тоқтатқан.

«Атырау-Шымкент» маршрутындағы автобустың салонын тексеру кезінде көлік құралы «плацкартқа» айналғаны белгілі болды. Салонда жолаушы креслосының орнына қапталған екі қабатты 28 кереует орнатылған. Онда ұйықтап жатқан 17 жолаушы анықталды. Түркістан облысында тұратын автобус жүргізушілерінің айтуынша, «плацкарт» көлік Шымкент қаласына бағыт алған» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 5,7 және 8-бөліктері, 571-бабының 2-бөлігі, 572-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан Шымкентке жолаушы апармақ болған 2 автобустың жүргізушісі ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.














Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Заң, Оқиға, Көлік, Атырау облысы,
Жоғары қарай