Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атыраудан Шымкентке әуе рейсі ашылуы мүмкін

2020 жылдың 6 маусым 2020 16:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау халықаралық әуежайынан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсі ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.

«Екі қала арасындағы әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Өйткені, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен FlyArystan авиакомпаниясы арасында келіссөз басталды. Мақсат – жолаушыларды қолжетімді авиабилетпен қамтамасыз ету»,- деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тараптар келісімді талқылап, ортақ мәмілеге келсе, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейсін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда.


Жоғары қарай