Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудан 3 облысқа қатынайтын пойыздар тоқтатылды

2020 жылдың 2 тамыз 2020 18:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облыснда карантин 17 тамызға дейін ұзартылып, бірқатар пойыз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысында «Атырау облысында уақытша шектеу шаралары 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-дейін ұзартылсын» -делінген.

аҚаулыға сәйкес, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді. Ал, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бірқатар қызмет түріне қайта тыйым салынатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Карантин,
Жоғары қарай