Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудан 100 бозбала оңтүстік өңірге әскерге аттанды

2020 жылдың 30 қазан 2020 14:46

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан 100 бозбала оңтүстік өңірдегі Гвардейск елді мекеніндегі әскери бөлімде қызмет етуге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жас сарбаздардың алғашқы легін аттандыру Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті. Медициналық комиссиядан өтіп, әскери киімдерін 100 болашақ сарбаздың жартысы әскери бөлімге аттанды.

«Шақыру қағазын алысымен дереу шақыру пунктіне келіп, медициналық комиссиядан өттім. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге дайынмын», - дейді әскерге шақырылушы Равиль Жоламан.

Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиевтың айтуынша, биыл облыстық медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілген. Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттанар алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тест тапсырады. Сонымен қатар, оларға әскери бөлімге барар жолда бактерияға қарсы заласыздандыру үшін гель, медициналық қолғаптар мен маскалар беріліп отыр.

«Біздің облыстан ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін толықтыруды бастадық», - деді Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиев.








Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан 700-ге жуық жас әскерге шақырылатынын жазған болатынбыз.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Жастар, Атырау облысы, Әскер,
Жоғары қарай