Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Атыраудағы перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кетіп жатыр

2019 жылдың 7 қазан 2019 19:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы перинаталдық орталықта жұмыс істейтін 31 медицина қызметкері кеткелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Олармен денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Қызметкерлер өз орнында жұмысын жалғастыруда. Біз дәрігерлермен диалог орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Олардың әрқайсысы – күн сайын адам өмірі үшін күресіп жүрген білікті қызметкерлер», - деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.

Еске сала кетейік, өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Сенбі күні Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Автор: А. Соколов

Жоғары қарай