Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда жыл басынан бері 19 тұтынушыға 1 млн-нан астам теңгесі қайтарылған

2021 жылдың 17 сәуір 2021 11:06

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан 19 тұтынушыға 1 млн-нан астам теңгесі қайтарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиевтің мәлім етуінше, жыл басынан бері 30 тұтынушы консультативтік кеңес алған. Ал, 27 тұтынушы телефон желісі арқылы хабарласқан.

«Біздің департаментке осы кезге дейін 98 арыз түсті. Оның ішінде 63 арызға қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ал, 19 арызға толықтай жауап беріліп, тұтынушыларға 1 147 570 теңге кері қайтарылды. Сондай-ақ, 16 арыз бойынша көтерілген мәселелерді шешу департаменттің құзыретіне жатпайтындықтан, тиісті құзырлы органдарға жолданды. Қазір тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, байланыс телефоны іске қосылды», - деді Әлем Уәлиев.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Аймақ, Заң, Қоғам, Атырау облысы,
Жоғары қарай