Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 16:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан алған жарақаттан 58 жастағыәйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті арасын жалғайтын жол бойында болған. Жолда «Ореl» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысқан.

Жол апатынан 58 жастағы әйел зардап шеккен. Оны аурухана жеткізу мүмкін болмады.

Жарақат алған жолаушы ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.

Қазір жол апатының себебі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болған

еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай