Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпірдің бірі жабылады

2021 жылдың 11 тамыз 2021 22:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Жайық өзенінің үстіндегі көпірдің бірі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты «Балықшы-Жұмыскер» бағытындағы көпірде автокөлік қозғалысын тоқтату көзделген.

«Жөндеу кезінде көпір құрылымының деформациялық қосылыстарын демонтаждау және ауыстыру, сондай-ақ, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Құнанбаев көшесінен бастап «Балықшы-Зарослый» бағытымен қатынайтын тас жолда автокөлік қозғалысы тоқтатылады. Осы орайда, автокөлік жүргізушілері қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілгенін жазған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай