Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Жайық өзенінен заңсыз құрылған 41 торлы ау тәркіленді

2021 жылдың 31 тамыз 2021 06:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзеніне заңсыз құрылған 41 торлы ау тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің айтуынша, Жайық өзенін заңсыз ау құралдарынан тазарту күндіз және түнгі мезгілде жүргізіліп жатыр.

«Мәселен, 29 тамызда Жайық өзенінің Дамбы елді мекені тұсында су астынан заңсыз құрылған 41 торлы ау құралы табылды. Браконьерлік ау құралдары хаттамаға сәйкес тәркіленді. Торлы ауға шырматылып қалған ұсақ балықтар тірі күйінде су айдынына қайта жіберілді. Осыған байланысты 7 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 383-бабының 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», -дейді Нұрлыбек Ғайсин.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылғанын хабарлаған едік.








Жоғары қарай