Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Атырауда жаяу жүргінші көлік қағып мерт болды

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 16:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда арты өлімге алып келген жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 09:30-дар шамасында Баймұханов көшесінде «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ПД баспасөз қызметі.






Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай