Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

2019 жылдың 25 қазан 2019 23:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 мамандандырылған бөлімшесінің өрт-сөндіру депосы ғимараты салтанатты түрде Самал ықшамауданында ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Аймақ басшысы жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің қашықтағы ықшам аудандар мен елді мекендердегі жұмысын жеделдетуде маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі басымдығы да, Төтенше жағдайлар департаментінің мақсаты да аймақтағы өрт сөндіру, өрттен қорғау және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізудің нәтижелілігін арттыру. Жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, 100 жаңа жұмыс орнын да ұсынып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев шараға қатысушыларға. Жаңа өрт сөндіру депосында төрт аймаққа - негізгі, өндірістік, тұрмыстық және жаттығу-спорттық болып бөлінген. Қызметкерлердің өнімді еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған: демалыс бөлмесі, психологиялық тынығу бөлмесі, жаттығу залы, ас бөлмесі, душ кабиналары, кең бөлмелер, сыйымдылығы жүз адамнан асатын кеңесу залы мен 30 адамға арналған оқу сыныбы.




Өндірістік аймақта бақылау-өткізу пункті, автотұрақ, қос резервуарлы жанар-жағармай құю бекеті орналасқан. Жаттығу-спорттық аймақта жаттығу мұнарасы, 100 метрлік кедергілі жол, сондай-ақ, баскетбол мен мини-футболға арналған алаңдар бар. Негізгі ғимараттың үшінші қабатында 40 адамға есептелген жатақхана орналасса, төртінші қабатта қажетті жиһазбен жабдықталған 7 пәтер орын тепкен. Жалпы, жергілікті атқарушы органдардың қаржылық қолдауының арқасында Атырау облысы бойынша ТЖД бөлімшелерінің материалды-техникалық базалары жыл сайын жаңартылып келе жатқанын атап өту керек.













Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай