Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда заң бұзған шетелдіктерден 5 млн теңге айыппұл өндірілді

2020 жылдың 28 қазан 2020 10:06

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда шетелдіктерден 5 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 2000-ға жуық шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184-і елден шығарылды. Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалғаны анықталды. Оның көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары тарапынан орын алған» - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Атырау облысына қоныс аударған шетелдіктер саны

өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға азайған. Жалпы түрлі әкімшілік құқық бұзған

шетелдіктерден 5 млн теңге өндірілген. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке

қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылған.

Атыраулық полицейлер шетелдіктерге патенттер беру, яғни, жеке тұлғаларға жұмыс

істеуге рұқсат беру арқылы заңдастыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізілуде. Жыл басынан полиция қызметкерлері тек Атырау қаласында 50 мың шетелдікке жеке

тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған патенттер рәсімдеген. Олардың

басым бөлігі – Өзбекстан елінің азаматтары.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құқық бұзған 50 шетелдік елден шығарылған болатын.



Жоғары қарай