Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда ұрылар қару салынған сейфті алып кеткен

2019 жылдың 30 сәуір 2019 14:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полициясы ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында қаладағы Көкарна, Көктем, Балауса, Жұлдыз, Ақсай, Геолог, Тасқала ықшамаудандарындағы тұрғын үйлерде орын алған ұрлықтарға қатысты 2 азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баукеспелерге қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды.

«Жәбірленушілерге барлығы 5 млн 522 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұрлық көбінесе

пластик терезелерді «ығыстыру» әдісімен жасалған. Ал кезекті ұрлыққа барған екеу тұрғын үйлердің бірінен 2 қаруы бар сейфті көтеріп әкеткен.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-тің 291-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Ұрлық фактісіне қатысты тергеу ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімімен жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай