Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 18:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен (төтенше жағдай режимін бұзу) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы төтенше жағдайдың енгізіліумен ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге салынған шектеуді елемеген. Сөйтіп, 25 наурызда «1xbet» ЖШС-нің букмекерлік кеңсесін ашып қойып, ойын-сауық қызметін атқарған» -деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.


Жоғары қарай