Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда теміржол вокзалы мен әуежай қалыпты жұмыс режиміне көшті

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 21:27

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда теміржол вокзалы мен әуежай қалыпты жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Жаңыл Үмбетиярованың айтуынша, барлық авиакомпания бұрын тоқтатылған рейстерді қалпына келтірген.

«Төтенше жағдай күшін жойып, коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты ұшу уақытын реттеудің қажеті жоқ. Қазір ұшақтар кестеге сәйкес бойы ұшып жатыр. Мәселен, «FlyArystan» бұрынғы жұмыс кестесін толығымен қалпына келтірді», -дейді Жаңыл Үмбетиярова.

Ал, Атырау теміржол вокзалының басшысы Айгүл Кулшықованың жолаушылар пойызының кестесіне байланысты туындаған мәселе оң шешімін тапқан.

«Атырауға Алматы қаласынан «Тальго» пойызы таңға жақын келеді. Бұл пойыз түнгі мезгілде кері жолға шығады. Ал, өзге жолаушылар пойыздары күндіз жүреді», -деді ол.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға түнде келетін жолаушыларды автобуспен тасымалдайтынын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай