Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген

2021 жылдың 11 қазан 2021 20:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда наубайханада заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.

«Учаскелік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Атырау шағын ауданында орналасқан наубайханада жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтады. Тексеру барысында 3 өзбек азаматының жеке басын растайтын құжаты жоқ екені белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Өзбекстан Республикасының азаматтары Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Оларға қатысты жинақталған іс-құжаттар көші-қон қызметі бөлімі мен Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткі тасмалдаған шетелдік қамауға алынғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай