Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда шенеуніктер кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген

2020 жылдың 26 маусым 2020 21:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысы Махамбет ауданында құрылыс бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Махамбет ауданының құрылыс бөлімі» ММ лауазымды тұлғаларының аудан елдімекендерін жарықтандыру жөнінде орындалған жұмыстардың актілері бойынша бюджет қаражатын уақытылы және кедергісіз аудару үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алу фактілерін анықтады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Д. Бигайдаров.

Спикердің айтуынша, тергеу жұмыстары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 201-бабы 1 бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.



Жоғары қарай